2024 жылғы 26 қараша.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Әдістемелік орталық» КММ жұмыс жоспарына сәйкес онлайн форматта Шал ақын ауданының, Айыртау, Тимирязев аудандарының әдіскерлеріне, кітапханашыларына, пән мұғалімдеріне арналған «Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның білім беру ұйымдарында "Оқуға құштар мектеп" жобасын дамыту жолдары» атты облыстық семинар өтті.
Мақсаты: Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесін тарату арқылы «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың тиімділігін арттыру.
Спикерлер өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтыды: күнделікті 20 минуттық оқуды жүзеге асыру, кітапхана және АКАЖ, дәстүрлі және жаңа стандартты емес жұмыс түрлері, ерекше білімді қажет оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жөніндегі жұмыстың ерекшеліктері, кітап пен оқуды ілгерілетуге ықпал етуге арналған жасанды интеллектті пайдалану.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.
Пікір жоқ
68 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 30.11.2024 в 19:36