Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері «Мектепке дейінгі білім берудегі табысты педагогикалық практика» тақырыбына арналған Республикалық педагогикалық онлайн-форумға қатысты.
Форум барысында өңіріміздің 15 педагогі өздерінің жұмыс тәжірибесін ұсынды және мектепке дейінгі білім беруді дамытудың маңызды аспектілерін талқылады. Қатысушылар тәжірибе алмасудың және педагогикалық практикаға инновациялық әдістерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Форум қатысушылардың одан әрі кәсіби өсуі үшін құнды ресурсқа айналды.
Пікір жоқ
63 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 30.11.2024 в 19:35