Мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін тарату мақсатында ағымдағы жылдың 28 қазанында «Бала шақтан – болашаққа» мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің I Халықаралық форумы шеңберінде «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру: тәсілдер, әдістемелер мен практикалар» тақырыбына арналған секция өтті.
Іс-шараға мектепке дейінгі ұйымдардың 30-дан астам педагогтері қатысты: білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, тәрбиешілері, меңгерушілері, психологтері, логопедтері.
Секция барысында Беларусь әріптестерінің озық тәжірибелерімен танысу мақсатында сөз сөйлеулердің онлайн-трансляциясы ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар шеберлік сабақтарына, табысты кейстерді талқылауға белсенді қатысып, идеялар мен ресурстармен алмасты. Әрбір мұғалім балалардың ерекшеліктеріне қарамастан бірге дамып, бірге оқи алатын инклюзивті кеңістікті құруға үлес қоса алды.
Форум идеялармен алмасу және білім беру ортасын дамыту үшін тамаша алаңға айналды.
Пікір жоқ
82 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 28.10.2024 в 19:58