I Халықаралық мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің форумы аясында: «Бала шақтан - болашаққа» «Ақ бота» бөбекжайының Құзырет орталығы базасында ағымдағы жылдың 24 қазанында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» арқылы ұлттық құндылықтарды дамыту» тақырыбына арналған секция өтті.
Іс-шараға мектепке дейінгі ұйымдардың 30-дан астам педагогтері қатысты. Олар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен жас ұрпақты тәрбиелеудің заманауи тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алды.
Секция барысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша шеберлік сыныптар, практикалық әдістер мен жаңа технологиялар ұсынылды. Бұл бағдарлама ұлттық рухани құндылықтарды балалардың санасына сіңіріп, олардың болашақта қоғамның лайықты мүшесі болуына бағытталған. Бағдарламаның басты мақсаты — жас ұрпаққа өз халқының мәдениетін, дәстүрін құрметтеп, тарихына терең бойлату арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.
Семинар қатысушыларға мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде тәрбие компонентін интеграциялауға арналған практикалық құралдар ұсынды. Педагогтер Форумның білім мен тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаң болғанын атап өтті, себебі мұндай шаралар ұлттық сана мен рухани байлықты сақтаудың маңызды қадамы ретінде бағаланады. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» болашақ ұрпақты елінің патриоты етіп тәрбиелеудің, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға ретінде қалыптастырудың негізі деп танылды.
Пікір жоқ
142 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 24.10.2024 в 17:56