26 қазанында №2 Кішкенекөл орта мектебінде кеңес өтті.

Ағымдағы жылдың 26 қазанында № 2 Кішкенекөл орта мектебінде тәжірибе тарату және коммерцияландыру департаментінің аға менеджері А.И. Дощанованың, Петропавл қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Д.С. Уәлиевтің, Петропавл қ. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры О.Ю. Тушинскаяның, білім басқармасының және білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының мамандарының қатысуымен кеңес өтті. Сондай-ақ, кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасары, білім бөлімінің басшысы, аудандық білім бөлімінің мамандары қатысты.

Кеңес барысында жұмыстың перспективалық бағыттары айтылып, негізгі іс-шаралар белгіленді, "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы шеңберінде мектептің мүмкіндіктері талқыланды, спикерлер "НЗМ" ДББҰ-ның осы жобасын әдістемелік сүйемелдеуге және Петропавл қаласының "Педагогикалық шеберлік орталығы" ЖМ филиалы тарапынан мектеп педагогтарын курстық сүйемелдеуге назар аударды.

Аталған кеңесте "Тірек мектеп - магниттік мектептер" республикалық пилоттық жобасы талқыланды, себебі бұл білім беру ұйымы тірек мектеп болып белгіленді. Орталық Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-мен бірлесіп, жобаға әдістемелік қолдау көрсетеді.

Кездесудің қорытындысы мектеп ұжымына жобаларды табысты іске асыру үшін ұсынымдар болды.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 27.10.2022 в 19:58