Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Ата-ана – ұлттың ұясы» атты облыстық ата-аналар форумы

2022 жылдың 15 қазанында «Ата-ана – ұлттың ұясы» атты облыстық ата-аналар форумын өткізді.


❇️ 2022 жылдың 15 қазанында Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен бірлесіп, «Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» КММ қолдауымен «Ата-ана – ұлттың ұясы» атты облыстық ата-аналар форумын өткізді.
🔸Форум қоғамда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-ананың белсенділігін арттыру, бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
🔸Форумда 400-ден астам ата-аналар мен тараптардың басын қосты. Іс-шара форматында қатысушыларға отбасы құндылықтары туралы кітаптардың көрмелері, инновациялық мектептер мен «iVOX» SMART-зертханасының көрмесі ұсынылды. Пленарлық бөлімнен кейін жұмыс үш диалог алаңы форматында жалғасты, онда балаларды тәрбиелеу мен дамыту саласындағы өзекті мәселелер мен проблемалар қарастырылды.
🔸Ата-аналарға тәжірибелі мен кәсіби мамандармен,яғни мұғалімдермен, психологтармен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі берілді.


Пікір жоқ
453 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 15.10.2022 в 11:29

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour