«Дебют» жас мұғалімдер облыстық байқауының «Жобаны қорғау» ІІ туры өтті.

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап «Жаңа Қазақстан: жас педагогтердің рөлі» атты I Халықаралық жас педагогтер форумы аясында жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін жандандыруға арналған «Дебют» облыстық байқауы басталды.

I кезеңде (аудандық/қалалық) конкурсқа қатысушылар келесі тақырыптар бойынша эссе ұсынды: «Біздің педагогикалық дуэт», «Педагог мамандығы: күту – шындық – перспектива», «Мен – жаңа форматтағы педагогпін», оның нәтижелері бойынша 28 жас педагог II-кезеңге өтті.

II кезең (облыстық) 2022 жылдың 8 қыркүйегінде өткен «Шағын сабақ» - 2 турда «Дарын» мектеп-лицейі» КММ, «№9 орта мектеп» КММ, «№8 орта мектеп» КММ, «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ қала мектептерінің базасында және «Айгөлек» балабақшасы» МКҚК-да қатысушылар оқытудың инновациялық әдістерін ұсынды.

Баяндамашылар жас ұстаздар алдында тәжірибелерімен бөліскен озық ұстаздар, магистрлер, зерттеушілер болды.
Күннің екінші жартысында облыстық «Дебют» жас мұғалімдер байқауының «Жобаны қорғау» ІІ туры өтті. Оған 1-турдың жеңімпазы атанған 14 қатысушы қатысты.

1 кезеңнің қорытындысы бойынша мұғалімдердің ең қызықты педагогикалық әзірлемелері іріктеліп, Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І Халықаралық жас педагогтер форумында марапатталады.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 09.09.2022 в 16:25