Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Дебют» облыстық байқауы

    2022 жылдың 8 қыркүйегінде өткен «Шағын сабақ» - 1 турда қатысушылар оқытудың инновациялық әдістерін ұсынды.


✅ Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап «Жаңа Қазақстан: жас мұғалімдердің рөлі» атты I Халықаралық жас педагогтер форумы аясында жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін жандандыруға арналған «Дебют» облыстық байқауы басталды.
🔹I-кезеңде (аудандық/қалалық) конкурсқа қатысушылар келесі тақырыптар бойынша эссе ұсынды: «Біздің педагогикалық дуэт», «Педагог мамандығы: күту – шындық – перспектива», «Мен – жаңа форматтағы педагогпін», оның нәтижелері бойынша 28 жас педагог II-кезеңге өтті.
🔹II кезең (облыстық) 2022 жылдың 8 қыркүйегінде өткен «Шағын сабақ» - 1 турда «Дарын» мектеп-лицейі» КММ, «№9 орта мектеп» КММ, «№8 орта мектеп» КММ, «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ қала мектептерінің базасында және «Айгөлек» балабақшасы» МКҚК-да қатысушылар оқытудың инновациялық әдістерін ұсынды.
🔹1 кезеңнің қорытындысы бойынша мұғалімдердің ең қызықты педагогикалық әзірлемелері іріктеліп, 2022 жылғы 9 қыркүйек күні өтетін «Жобаларды қорғау» атты облыстық кезеңінің 2 турына жіберілді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І Халықаралық жас педагогтер форумында марапатталады.
👏 Байқаудың барлық қатысушыларына СӘТТІЛІК тілейміз!!!


Пікір жоқ
363 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 08.09.2022 в 16:35

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour