Тамыз конференциясы шеңберінде өткізілетін физика мұғалімдері секциясы отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.

Тамыз конференциясы шеңберінде өткізілетін физика мұғалімдері секциясы отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді. Оларды жүзеге асыру үшін 2022 жылғы 31 тамызда онлайн форматта облыстық физика мұғалімдері қауымдастығының отырысы өтті, онда педагогтар қауымдастықтың одан әрі даму траекториясын талқылады. Негізгі ұсынымдардың бірі мектеп, аудан/қала және облыс деңгейінде зерттеуді жүргізу және қолданысқа енгізу бойынша облыстың физика мұғалімдері үшін шығармашылық зертхана құру болды. Петропавл қаласының №7 орта мектептің базасында шығармашылық зертхана ашу туралы шешім қабылданды үйлестіруші болып Килоева Наталья Васильевна осы мектептің директоры және физика пәні мұғалімі бекітілді.

Отырыс барысында Наталья Васильевна осы жобаны барлық деңгейлерде іске асыру жоспарлары туралы айтып берді. Енгізу кезеңінде қашықтықтан оқыту және жобаның барлық қатысушыларын, яғни физика мұғалімдерінің аудандық/қалалық қауымдастықтарының басшыларын сүйемелдеу жүргізіледі. Жобаның басталуы 2023 жылдың 2 қыркүйегіне жоспарланған.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 01.09.2022 в 12:43