Қазақстан Республикасының Конституциясы күні әлеуметтік мемлекет ретінде құруға ұмтылысын көрсететін маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың басты мақсаты – бірлікті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты нығайту.

Осыдан 27 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің Негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Тәуелсіздік жылдарында ол өзінің тиімділігін, демократиялылығын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын бірнеше рет дәлелдеді. Конституциялық нормалардың орасан зор әлеуеті біздің қоғамымыздың бүгінгі жетістіктері мен табыстарының негізі болды.

Бұл мереке барша қазақстандықтарға күш-қуат пен Конституцияда бекітілген қағидаларды жүзеге асыруға сенім беріп, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, көркие берсін!