Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

    2022 жылғы 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы педагогтарының Тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өткізілді.


✅ 2022 жылғы 25 тамызда облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Академиясының президенті М. А. Тыныбаеваның қатысуымен «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысы педагогтарының Тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өткізілді.
🔹Дәстүрлі түрдегі отырысқа үш жүзден астам педагогикалық білім беру қызметкері офлайн және онлайн форматта жеті мыңнан астам педагог қатысты.
🔹Педагогтер еліміздің білім беру саясатының басымдықтары мен міндеттерін, жаңа оқу жылының оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін, ТжКБ жаңғыртуды талқылады.
🔹Берілген кеңес аясында ұйымдастырылған тақырыптық көрмеде отыздын астам білім беру ұйымдары Білім беру жүйесінің жетістіктері бойынша табысты жұмыстарын көрсетті. Соның ішінде білім берудің қосымша саласының дамыту бағыттары да ұсынылды: туризм, шахмат, өлкетану және археология. Үздік педагогтер, үздік білім менеджерлері жетістікке жету тәжірибесімен бөлісті.
🔹Тамыз кеңесі Солтүстік Қазақстан облысының үздік мұғалімдері мен педагогикалық қоғамдастық жетекшілерін марапаттау рәсімімен аяқталды.


Пікір жоқ
374 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 26.08.2022 в 13:45

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour