Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтардың облыстық панельдік секциясы

    2022 жылғы 23 тамызда педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтардың облыстық панельдік секциясы өтті.


✅ 2022 жылғы 23 тамызда «Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдауды дамыту және күшейту» атты педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтардың облыстық панельдік секциясы өтті.
🔹Мақсаты: психологиялық қызметтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру үшін жағдай жасау, өзекті мәселелерді талқылау, алдын алу жұмыстарының одан әрі бағыттарын анықтау.
🔹Секция жұмысына әлеуметтік-психологиялық қызметтің педагогикалық қоғамдастығының өкілдері – білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, Облыстық Қауымдастық мүшелері, сондай-ақ «М.Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ, Петропавл қаласының ХББ НЗМ және «Психологиялық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК шақырылған қонақтары қатысты.
🔹Секцияда білім беру процесінің барлық қатысушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің негізгі сәттері, кәмелетке толмағандарға қатысты суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.
🔹Соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, педагогтардың қызықты тәжірибесін атап өтті.


Пікір жоқ
463 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 24.08.2022 в 17:13

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour