2022 жылдың 22 тамызы кітапханашыларының "Кітап пен оқуды ілгерілету: идеялар мен тәжірибелер диапазоны" облыстық панельдік секциясы өтті.

2022 жылдың 22 тамызы "Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ шаңырағында "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру аясында мектеп кітапханашыларының "Кітап пен оқуды ілгерілету: идеялар мен тәжірибелер диапазоны" облыстық панельдік секциясы өтті.

Мақсаты: мектеп кітапханаларының жаңа оқу жылына арналған міндеттерін белгілеу, кітап пен оқуды насихаттайтын жаңа жұмыс түрлерімен танысу.

Секция жұмысына аудандық, облыстық білім бөлімдерінің әдіскерлері және облыстың білім беру ұйымдарының кітапханашылары қатысты.

Спикерлердің сөз сөйлеу тақырыптары "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін қамтыды. Секция жұмысының нәтижелері бойынша ұсынымдар жобасы әзірленді. Белгіленген міндеттерді практикада іске асыру балаларды кітап пен оқуға тартуға, ақпараттық мәдениетті, коммуникативтік дағдыларды, өскелең ұрпақтың шығармашылық және рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Соңында қатысушылар алған әсерлерімен және жақсы пікірлермен бөлісті тілектерін білдірді.

Іс-шараның марапаттау сәтіне көрме, үлестірмелі материалдар мен гүлдер ұсынғаны үшін «Edu Stream» ЖШС ұйымына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 22.08.2022 в 18:15