Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Облыс физиктері өзекті мәселелерді талқылады

    Ағымдағы жылдың 17 тамызында СҚО физика мұғалімдерінің секция отырысы өтті.


 
🔹Ағымдағы жылдың 17 тамызында республикалық тамыз конференциясы шеңберінде «Оқушылардың функционалдық сауаттылығы-білім беру сапасын арттырудың басты факторы» тақырыбы бойынша СҚО физика мұғалімдерінің секция отырысы өтті.
🔹Отырыс жұмысына М. Қозыбаев атындағы СҚУ «Математика және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің «Физика» кафедрасы меңгерушісі С.Сартин сонымен бірге аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, физика мұғалімдері қауымдастығының мүшелері қатысты.
🔹Күн тәртібінде ең өзекті мәселелер талқыланды. Олар: 2022-2023 оқу жылында физиканы оқыту ерекшеліктері, оқушыларды халықаралық PISA зерттеулер мен олимпиадаларға дайындау және әрекеттегі зерттеушілік жұмыстарының бағыттары.
🔹М. Қозыбаев атындағы СҚУ өкілі С. А. Сартин өз сөзінде оқушылардың олимпиадаларға дайындығын күшейтуді ескерді және есептерді шешуде жиі кездесетін қателіктері мен шешу жолдарын атап өтті, сондай-ақ олимпиадаларға дайындық кезінде мұғалімдерге көмек көрсету бойынша ұсыныс айтты.
🔹Интерактивте өткен отырыс барысында спикерлер өздерінің педагогикалық технологиялары мен қаралатын мәселелердің әдістемелік шешімдерін ұсынды.
🔹Секция жұмысының қорытындысы М.Қозыбаев атындағы СҚУ-мен бірге дарынды балалармен жұмыс жүйесін ұйымдастыру және іс-әрекетте зерттеулер жүргізу үшін шығармашылық зертхана құру бойынша ұсыныстар әзірлеу.


Пікір жоқ
367 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 18.08.2022 в 09:45

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour