Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

"Ұшқыр ой алаңы" облыстық дебаттық турнир

2022 жылғы 31 қаңтардан 2 ақпанға дейін бала жылы аясында "Ұшқыр ой алаңы"облыстық дебаттық турнир өткізілді.


2022 жылғы 31 қаңтардан 2 ақпанға дейін бала жылы аясында "Ұшқыр ой алаңы"облыстық дебаттық турнир өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастар мен жасөспірімдерді қоғамдық өмірге белсенді тарту, әлеуметтік-рухани мәселелерді жүзеге асыруға ықпал ету.

Пікірталас барысында оқушылар "Болашақ" бағдарламасы, Қазақстандағы гендерлік мәселе және кәсіпкерлік қызмет туралы өз пікірлерін білдірді. Әр түрлі мектептерден жиналған балалардың ойлары да әртүрлі. Әр команда өз позицияларында пікір таластырып, дәлелдер мен фактілерді келтірді. Осылайша, барлығы өз пікірлерін білдірді және мәселені талқылауда белсенділік танытты.

Пікірсайыс турнирі оқушылардың тақырып бойынша сыни ойлау дағдыларын, өз ұстанымдарын, түсініктерін қалыптастыруға ықпал етті. Пікірталас алаңында оқушыларды "ҚР алтын қоры" дебатерлері Арманов Рүстем және Тұрсынов Бахытжан Саматұлы өз командасымен бағалады.

Турнир қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ лигасы

1 орын -

Серік Жанбатыр

«Оқушылар сарайы» МКҚК

Сарсенбай Алпамыс

2 орын -

Жанатұлы Асанали

«Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Бекбаулова Алуа

3 орын -

 

Қуаныштай Асем

«И.М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ

Серикбай Айзат

3 орын -

 

Нығмет Мадина

«Теңдік орта мектебі» КММ КГУ Тайынша ауданы

Рахат Жансая

Орыс лигасы

1 орын -

Арзакулов Рахат

«Оқушылар сарайы» МКҚК

Жасұлан Данияр

2 орын -

Тамирлан Рашид

«Оқушылар сарайы» МКҚК

Мусин Дидар

3 орын -

БекшеноваАсель

«Зеленогай орта мектебі» КММ

Козка Руслан

3 орын -

 

Байгунакова Самал

Пархоменко Кристина

«Оқушылар сарайы» МКҚК

 

Қорытынды: командалардың спикерлері ZOOM қосымшасында өткен кездесуге жақсы дайындалды. Олар тақырыпты нақтылап, командалардың позициясын анықтады ("Біз ... есептеймыз"), ("Біз қарсыластарымыздың ұстанымымен келіспейміз және ... есептейміз" + антитезис) ұғымдарды енгізді және түсіндірді, аспектілерді атады, әр аспект бойынша дәлелдер келтірді, оларды заңмен, қолдаумен, статистикамен, өмір мысалдарымен растады. Спикер – талдаушылардың сөзінен кейін пікірталастарды талқылау жүргізілді, дебат турнирін ұйымдастыру мен өткізуге талдау жасалды және спикерлер өз қызметін қаншалықты сәтті жүзеге асырды. Сонымен қатар, спикерлер өздеріне жүктелген рөлді қалай шешкендері туралы өз әсерлерімен бөлісті. Команда қатысушылары грамоталармен марапатталды.

 


Пікір жоқ
241 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 31.01.2022 в 17:28

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour