Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Ресурстық орталықтар қауымдастығының жұмысы қорытындыланды

    2022 жылғы 16 маусымда онлайн форматта Облыстың ресурстық орталықтары қауымдастығының қорытынды отырысы өтті.


 
🔹2022 жылғы 16 маусымда онлайн форматта Облыстың ресурстық орталықтары қауымдастығының қорытынды отырысы өтті, оған білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, ресурстық және магниттік мектептердің басшылары қатысты.
🔹Отырыс барысында қауымдастықтың 2021-2022 оқу жылындағы қызметіне талдау жасалды, перспективалық жұмыс жоспарлары белгіленді.
🔹Ағымдағы оқу жылында облыстың ресурстық орталықтары арасында тәжірибе алмасу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді, олардың ішінде 2022 жылғы 28 сәуірде Есіл ауданы Корнеев орта мектеп базасында штаттық форматта өткен облыстық семинарды атап өткім келеді. Аталған іс-шараға 27 ресурстық орталықтан 50-ден астам педагог қатысты.
🔹Сондай-ақ, 2022 жылдың 6 маусымында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның сарапшысы, профессор С.С. Контаевтың бастамасымен Бексейіт магниттік мектебі базасында Мамлют тірек мектебі (ресурстық орталық) және Бостандық магниттік мектебінің қатысуымен шоғырланған семинары өткізілді. Семинарға қатысушылар іс-шараның пайдалы екенін атап өтіп, болашақта осындай семинарларды өткізу туралы бастаманы бірауыздан қолдады.
🔹Қауымдастық мүшелері Қарағанды облысының ресурстық орталықтарымен өзара тәжірибе алмасу туралы ұсыныстар енгізді. Жаңа оқу жылында жұмысты жоспарлау бойынша ұсыныстар берілді.


Пікір жоқ
496 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 16.06.2022 в 17:55

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour