Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Ресурс орталықтарына қолдау

    Ауылдық шағын жинақталған мектептердің мәселелері тірек мектептерін ашу арқылы шешіледі, олар айналасындағы шағын жинақты мектептерді біріктіреді.


 
🔹Ауылдық шағын жинақталған мектептердің мәселелері тірек мектептерін ашу арқылы шешіледі, олар айналасындағы шағын жинақты мектептерді біріктіреді. Ресурстық орталықтар баланы оқыту мен тәрбиелеуде маңызды рөлге ие және тұлғаның шығармашылық дамуына, кәсіби қалыптасуына оң ықпал етеді.
🔹Осы мақсатта Мамлют ауданына қарасты Бексейіт орта мектебінде ҚР Ұлттық білім Академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Көнтаев Сәбит Сейітұлының бастамасымен «10-11 сыныптар үшін Тірек мектептің (Ресурстық орталықтың) жылдық бірыңғай оқу жоспарын құру» тақырыбында семинар өткізілді.
🔹Аталған шараға БСӘЖАТО аға әдіскері Бектеміров Әлмұрат Қабдрашитұлы, Мамлют ауданы білім бөлімінің әдіскері Қожаева Зәуре Болатқызы және ауданның қазақ мектептерінің директорлары мен орынбасарлары қатысты. Семинар барысында тірек мектептеріндегі 10-11 сыныптарға арналған оқу жоспарының үлгісі, бейіндік пәндер мен қолданбалы курстардың оқытылу жайы сөз етілді.
🔹Тірек мектептердің (ресурс орталығының) негізгі мақсаты оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес барлық деңгейлерде сапалы және қолжетімді білім беру болып табылады. Тірек мектеп (ресурстық орталық) – базасында жақын маңдағы ШЖМ білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы ретінде, оқытушылардың жетіспеушілігінен, толық емес материалдық-техникалық базасынан білім беру сапасына байланысты әртүрлі зертханалық, практикалық жұмыстарды, іс-шараларды өткізу мүмкін емес. Сондықтан тірек мектебі шағын жинақталған магниттік мектептерді біріктіреді. қосымша білім алу орталықтары болып табылады.


Пікір жоқ
441 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 06.06.2022 в 09:45

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour