2022 жылғы 1 маусым күні биология және химия пәні мұғалімдеріне арналған «Элементы успеха» халықаралық пәндік интернет-олимпиада өтті.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасынан 121 химия мұғалімі және 251 биология мұғалімі қатысты.

Олимпиада «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ мен «Педагогикалық шеберлік академиясы: ХХІ ғасыр дағдылары» халықаралық әдістемелік орталығының бірлескен жұмысы аясында «Серіктестер» жобасының облыстық жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты биология және химия бойынша жоғары ғылыми-пәндік білімі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, қолдау және ынталандыру, сондай-ақ педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау болды.

Олимпиада қорытындысы туралы ақпарат 2022 жылғы 20 маусымда «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ сайтында орналастырылады.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 02.06.2022 в 16:48