2022 жылдың 4 мамырынан 12 мамырына дейін 13-17 жас аралығындағы оқушылар арасында «Менің Отаныма – менің бастамам» Республикалық шығармашылық жобалар байқауы өтті.

Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша СҚО қоржынында: бірінші командалық орын, екі бірінші және бір екінші орын!

1 орын – «Отаным - қасиетті туған жерім» номинациясында Сыздыкова Ажар, 13 жаста - Петропавл қаласы «№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ;

1 орын – «Мен – Қазақстан азаматымын» номинациясында Бағдат Рамазан Азаматұлы, 14 жаста - Петропавл қаласы «Дарын» мектеп-лицейі» КММ;

2 орын - «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясында Богоналимова Анель, 15 жаста - Петропавл қаласы «№8 жалпы орта білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп–кешені» КММ.

1, 2 орын алған қатысушылар сыйлықтарға ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 27.05.2022 в 18:57