2022 жылдың 27 мамырында «Шеберлік» биология және химия пәндері мұғалімдерінің ассоциациясы қызметі аясында мұғалімдерге арналған «КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК» облыстық олимпиадасы өтті.

2022 жылдың 27 мамырында «Шеберлік» биология және химия пәндері мұғалімдерінің ассоциациясы қызметі аясында мұғалімдерге арналған «КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК» облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың аудандық кезеңіне 150-ге жуық химия және 215 биология пәндері мұғалімдері қатысты.

Бұл олимпиада биология пәні бойынша жоғары ғылыми-пәндік білімі бар облыстың үздік педагогтерін анықтау мақсатында өткізілді.

Мұғалімдердің қатысуы педагогтердің шығармашылық даралығын және олардың кәсіпқойлығының жоғары деңгейін қолдауға жағдай жасайды, олардың жеке өзін-өзі дамытуы негізінде жаңа құзыреттіліктерді қалыптастырады. Сонымен қатар, олимпиада ғылыми білімді насихаттайды және педагогикалық мамандықтың беделін арттыруға ықпал етеді.

Облыстық олимпиада жеңімпаздары Ассоциацияның қорытынды отырысында марапатталады.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 27.05.2022 в 17:38