Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Референдум

    2022 жылғы 18 мамырда "Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы" КММ ұжымы еліміздің маңызды оқиғасы - Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық дауыс беру қажеттілігі туралы мәселені талқылады.


 
🔹Орталықтың әріптестері еліміздің саяси өміріне жоғары деңгейде қызығушылық танытты және Ел Президенті халықтың дауысын басшылыққа алады және тек оның мүддесі үшін әрекет етеді деген ортақ пікір білдірді. Референдум өткізу-жаңа демократиялық жүйені дамытудың қажетті кезеңі.
🔹Біз әркімнің дауысы естіліп, әркімнің құқығы қорғалады деп санаймыз. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын талқылау, ең алдымен, жастар үшін маңызды. Бүгінде жастар-еліміздің жаңа ұрпағы. Оларға азаматтық бірегейлік, кәсіби құзыреттілік және инновациялық мүмкіндіктер тән.
🔹Барлық қазақстандықтардың ортақ міндеті - белсенді азаматтық ұстаным таныту, сайлау учаскелеріне келіп, өз шешімімен Қазақстанның болашағын айқындау. 5 маусымда біздің ұжымның барлық мүшелері сапалы саяси өзгерістерге дауыс беру құқығын пайдаланады деген ойдамыз.


Пікір жоқ
337 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 18.05.2022 в 18:17

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour