2022 жылдың 27 сәуірінде «Физика пәні бойынша ашық сабақтар аллеясы» панорамасы аясында ашық сабақтарын өткізді.

2022 жылдың 27 сәуірінде облыстық физика мұғалімдерінің қауымдастығы ұйымдастырған «Физика пәні бойынша ашық сабақтар аллеясы» панорамасы аясында Аққайың ауданының Қ.Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің физика пәні мұғалімі Ғалия Маратқызы Мейрманова және Тимирязев ауданы С. Мұқанов атындағы Тимирязев ЖОМ ұстазы Мырзабаева Гульнар Мадиқызы ашық сабақтарын өткізді.

Панораманың мақсаты педагогтардың инновациялық қызметке қосылуы арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.
- инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау, зерттеу және енгізу;
- пән мұғалімдеріне көмек ретінде әдістемелік әзірлемелердің электрондық банкін құру.

Екі мұғалім де иновациялық технологияларды, оқу материалдарын білім беру қажеттіліктеріне сәйкес қолдана білетіндіктерін, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін жұмыс әдістері мен тәсілдерін белсенді қолдана білетіндіктерін көрсетті.

Осындай тәжірибелі педагогтардың жұмыс тәжірибесі өзінің педагогикалық қызметін жаңадан бастаған жас мұғалімдерге пайдалы болатыны сөзсіз.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 28.04.2022 в 09:12