2022 жылғы 22 сәуір күні «Жаңа Қазақстан: жас педагогтардың рөлі» I Халықаралық жас педагогтар форумын ұйымдастыру аясында «Жас маман - жаңа қадам» дөңгелек үстелі өткізілді.
✅ Іс-шараға СҚО Білім басқармасының басшысы Н. А. Жәшібеков және облыстың білім саласында қызмет атқаратын 50 жас педагог қатысты.
🔹Кездесу барысында жұмыстың негізгі бағыттары анықталды, сонымен қатар мұғалімдер тап болатын мәселелер бойынша мазмұнды талқылау жұмысы жүргізілді. Қатысушылар ойларымен, ұсыныстарымен бөлісті. Берілген ұсыныстар жұмыс барысында қарастырылады.
🔹Іс-шара қорытындысы бойынша «Жаңа қадам» облыс жас мамандарының қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды.
Пікір жоқ
427 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 22.04.2022 в 22:25


