2022 жылдың 21 сәуірінде «Физика сабақтарында білім алушылардың жұмыстары арқылы білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында семинар өткізді.
Облыстық физика мұғалімдері қауымдастығының жұмысы аясында 2022 жылдың 21 сәуірінде Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы «Физика сабақтарында білім алушылардың жұмыстары арқылы білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Тақырыпты жүзеге асыру мақсатында Шал ақын ауданының физика пәнінің мұғалімдері тәжірибелерін ұсынды.
Семинар озық технологияларды тарату және облысымыздағы физика мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Спикерлер өз сөздерінде өзекті мәселелерді атап өтті:
- Физика сабақтарында білім алушылардың сапасын арттыру мақсатында заманауи білім беру технологияларын қолдану;
-Физиканы оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
- Оқушылардың зерттеушілік қаблетін дамыту.
Білім беру процесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін көрсетті.
Семинарға облыстың 80-нен астам мұғалімдері қатысты.


