«INFINITY» математика мұғалімдері қауымдастығының жұмысы аясында «Жетістік формуласы» Халықаралық олимпиадасын өткізді.
Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы және «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» халықаралық әдістемелік орталығы «INFINITY» математика мұғалімдері қауымдастығының жұмысы аясында «Жетістік формуласы» Халықаралық олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жоғары пәндік білімі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, қолдау және көтермелеу, кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады.

Олимпиадаға Ресей мен Қазақстанның 430 педагогы қатысты, олардың 43-і Омбы облысы мен Чукотка АҚ өкілдері болса, сонымен қатар Қазақстанның (Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары) 387 педагогы қатысты.

Біз олимпиадаға қатысқан барлық педагогтарға алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздардың тізімі
https://cmrito.edu.kz/ сайттында жарияланады.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 18.04.2022 в 18:48