Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Сәтті бастау

    2022 жылғы 11 сәуірде облыстық физика мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Физика пәні бойынша ашық сабақтар аллеясы» панорамасы басталды.


 
🔹Панораманың мақсаты мен міндеттері педагогтердің инновациялық қызметке қосылуы арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады:
• инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау, зерттеу және енгізу;
• пән мұғалімдеріне көмек ретінде әдістемелік әзірлемелердің электрондық банкін құру.
🔹Панорама аясында ағымды жылдың 18 сәуірінде Уәлиханов ауданы Кішкенекөл №2 орта мектебінде ашық сабақ өтті. Өз жұмысын педагог –зерттеуші, физика пәнінің мұғалімі Муканова Жумабике Рахметуллиевна ұсынды. Мұндай сабақтарды біз, «сабақ бір деммен өтті» деп айтамыз. Мұғалім өз деңгейін жоғары педагогикалық шеберлікке ие екенін дәлелдеді, педагогикалық процесті алдын-ала ойластырып, ақылмен жоспарлап, жүзеге асыра алды.
🔹Панорама аясында тәжірибелі де, жас мұғалімдер де өз шеберліктерімен, шығармашылығымен бөліседі деп үміттенеміз және біз көптеген қызықты және ынталы мұғалімдерді көреміз.


Пікір жоқ
365 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 18.04.2022 в 18:43

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour