4 сәуірде «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңі басталды.

Ол логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға бағытталған 40 тапсырманы қамтыды. Тестілеу онлайн форматта өткізілді. Өту уақыты - 90 минут.

Күндізгі уақытта Олимпиадаға кіру сағат 9:00-ден 24:00-ге дейін ашық болады. Сондай-ақ, тестілеу кезінде сағат 9:00-18:00 аралығында қазақ және орыс тілдерінде олимпиада сайтында және call-орталығының 8 800 080 48 48 нөмірі бойынша орналасқан чат-консультант арқылы техникалық қолдау көрсетілді (қоңырау шалу тегін).

Тестілеу нәтижелері екі апта ішінде өңделеді және жарияланады. Екінші кезеңге өткен финалистерге СМС хабарлама жіберіледі, сондай-ақ барлық қатысушылар жеке кабинетте ұпайларды көре алады.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 05.04.2022 в 09:15