2022 жылғы 4 сәуірде «Педагогикалық кадрларды аттестаттау олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру механизмі» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.

Педагогикалық кадрлардың аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында 2022 жылғы 4 сәуірде «Педагогикалық кадрларды аттестаттау олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру механизмі» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.

Іс-шараға оқытушылар, кадр жұмысының мамандары және педагогтерді аттестаттаудан өткізуге жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты. Вебинар барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 «Педагогикалық кадрларды аттестаттау ережелері мен шарттары» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулары қарастырылды. Облыстық аттестаттау комиссиясының тұрақты мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының директоры А.Ж.Мырзалинова аттестатталушы педагогтің кәсіби құзыреттіліктері мен сапа талаптарына егжей-тегжейлі тоқталды.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 05.04.2022 в 05:10