2022 жылғы 31 наурызда онлайн-форматта «Физика сабақтарында білім алушылардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру жолдары» атты облыстық семинары өтті.

2022 жылғы 31 наурызда онлайн форматта физика мұғалімдері қауымдастығының «Физика сабақтарында білім алушылардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру жолдары» атты кезекті облыстық семинары өтті. Мағжан Жұмабаев ауданының мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға 100 астам педагог қатысты. Олар аудандық/қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері мен облыстың физика пәні мұғалімдері.

Семинарда аудандық физика мұғалімдері қауымдастығының белсенді қатысуымен келесі жұмыс тәжірибелер ұсынылды: "Физика сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әдісі ретінде проблемалық оқыту" тақырыбы бойынша "Баян Батыр атындағы мектеп-гимназия" КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Суханов С.Г., сондай-ақ физика мұғалімдері Бекишева А. Ж., "Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп" КММ, Д.П. Драмарецкий, "Таман бөбекжай-бақша мектеп кешені" КММ, А. М. Есентемиров, "Сартомар орта мектеп" КММ, С. С. Сваричевская, "Полтавская ОМ" КММ, Г. Б. Өмірзақ, "Надеждинская ОМ" КММ.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар осындай іс-шаралардың тек жас қана емес, тәжірибелі мұғалімдерге де кәсіби өсуді арттыру және педагогтердің әдістемелік жинақтарын толықтыру үшін пайдалылығы туралы өз ұсыныстарын айтты.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 01.04.2022 в 14:14