2022 жылғы 30 наурызда онлайн-форматта «Білім беру кеңістігінде «Информатика» пәнінің мүмкіндіктерін іске асыру» атты облыстық семинары өтті.
Облыстың 70-тен астам педагогы қатысты.

Іс-шара облыстық информатика мұғалімдері қауымдастығының жұмыс жоспары шеңберінде жұмыс нәтижелерінің тиімділігі мен сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтердің тәжірибе алмасуы мақсатында өткізілді.

Қызылжар ауданы білім бөлімі қауымдастығының спикерлері, информатика мұғалімдері дамудың негізгі бағыттары мен тиімді жұмысты шешу жолдарын белгілеп, тәжірибелерімен бөлісті.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 30.03.2022 в 19:03