Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Білім мен ізгіліктің ордасына - 10 жыл

    2022 жылғы 26 ақпанда Оқушылар сарайында «Білім мен ізгіліктің ордасына - 10 жыл» білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының 10 жылдығы атап өтілді.


 
🔻«Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА президенті Г.Б. Бейсембаев, СҚО ББ басшысы Н.А.Жашибеков, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.А. Сұрағанова, М.Қозыбаев атындағы СҚУ өкілдері, ҚР әдістемелік орталықтарының, НЗМ директорлары, білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен әдіскерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, мектеп және колледж директорлары, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері қатысты.
🔻Мерейтойға орайластырылған іс-шарада облыстық «Бірлестік» (педагогтің кәсіби өсуі), «Urpaq Next» (жаңа ұрпақ-жаңа қозғалыс), «Әр бала - бір жұлдыз» (мектепке дейінгі білім беру), «PEDAGOGICAL WORKSHOP» (үштілді оқыту), «Білім сараптамасы» (талдау және мониторинг), «Қолдау» (инклюзивті білім беру), «Зияткер» (дарынды балалар, талантты жастар) білім беру жобалары, және де «Цифрлық жас педагог» (студенттерді білім беру платформаларында оқыту), «Смарт Әліппе», «Желілік бейне өндіріс», «Тестілеу талдауын жинақтау жүйесі» цифрландыру бойынша авторлық жобаларын іске асырудың көрмесіне шолу жасалды.
🔻Одан әрі дөңгелек үстел форматында қонақтар мен іс-шараға қатысушылар ҚР білім беруді реформалаудың заманауи жағдайындағы әдістемелік қызметті трансформациялау мәселелерін талқылады, облыстық қауымдастық мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісті.
🔻Дөңгелек үстел соңында облыстық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара облыстық білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің, БСӘЖАТО қызметкерлеріне құрмет көрсетумен аяқталды.


Пікір жоқ
485 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 26.02.2022 в 19:41

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour