25 ақпанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің «Қазіргі заманғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: тенденциялар, проблемалар, перспективалар» атты съезі өтті.

25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының жетекші педагогтерінен құралған делегация Көкшетау қаласында өткен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің «Қазіргі заманғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: тенденциялар, проблемалар, перспективалар» съезіне қатысты.

Іс-шарада мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өкілдері мен мүдделі тұлғалар бас қосты.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру бойынша өзгерістердің негізін қалайтын сындарлы диалог жоғары деңгейде өтті.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 25.02.2022 в 20:41