2022 жылдың 17 ақпанында Қарағанды қаласында математика пәні мұғалімдерінің І съезі өтті.

Форумның пленарлық бөлігіне Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ы.Алтынсарин атындағы ҰАО президенті Ғ.Б.Бейсембаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Каримова Г.Р. және республика оқытушылары, математиктер, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ректорлары қатысты.

Математикалық білім беруді реформалау, барлық сыныптарда математика пәні бойынша оқу бағдарламаларын қайта қарау, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын жетілдіру туралы өзекті мәселелері талқыланды.

Форум аясында мұғалімдер 4 секциялық алаңға белсене қатысып, озық тәжірибелерімен бөлісті және басқа саладағы әріптестерінің тәжірибесін қабылдады.

Облысымыздан келген форум делегаттары облыстық, қалалық және аудандық білім беру ұйымдарынан 17 үздік жаңашыл педагог болды. Делегацияны орталықтың әдіскері Сарсенова Күлбарам Әбікенқызы басқарды.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 20.02.2022 в 20:25