«Кәсіпкерлік негіздері» пәні аясында «Саналылық», «Бизнес түрлері - ұқсастықтар мен айырмашылықтар» тақырыбы бойынша бизнес-сабақ өтті.
Бүгін Тайынша Агробизнес колледжінде «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары қауымдастығымен бірлесіп «Кәсіпкерлік негіздері» пәні аясында «Саналылық», «Бизнес түрлері - ұқсастықтар мен айырмашылықтар» тақырыбы бойынша бизнес-сабақ өткізді.

Тренинг барысында келесі тақырыптар қарастырылды: «Ресурстарды дұрыс бөлу», «Ақша ағымының квадраты», «Тиімді коммуникация», «Шешім қабылдау».

Спикерлер: Валеева А.К. ТжКБ педагогтері қауымдастығының өкілі үйлестірушісі. Есжанова А.Т. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы және «Атамекен» ҚР ҰКП СҚО бойынша Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері: Альмишева А.Г., Меденникова С.Ф., Богдашева И.О. "Атамекен" ҚР ҰКП СҚО бойынша Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, сертификатталған жаттықтырушы-ментор, халықаралық коуч.

Іс-шараға қатысушылар, екінші және үшінші курс студенттері тренингке қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар тренингке қатысушылар үшін кофе-брейк ұйымдастырды.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.02.2022 в 20:05