2022 жылғы 9 ақпанда техникалық және кәсіптік білім беру педагогтарымен отырыс диалог түрінде өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Жашибеков Назир Азаматұлымен Солтүстік Қазақстан облысы педагогтері қауымдастығының мүшелерімен жоспарланған кездесулер шеңберінде 2022 жылғы 9 ақпанда техникалық және кәсіптік білім беру педагогтарымен отырыс диалог түрінде өтті. Отырысқа әдіскерлер, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Әңгімеге техникалық және кәсіптік білім берудің тәжірибелі педагогтары тартылды, сондай - ақ СҚО Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы - Есжанова Әсел Тілеубайқызы қауымдастықпен бірлескен жұмыс жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Колледж түлектерінің қысқартылған бағдарлама бойынша жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастыру туралы М.Қозыбаев атындағы СҚУ көлік және машина жасау кафедрасының меңгерушісі – Виталий Владимирович Савинкин сөз сөйледі.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 09.02.2022 в 16:53