Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Дамушы әлемдегі кәсіпкерлік және бизнес-білім беру» диалог алаңы

    2022 жылғы 26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан кәсіптік–педагогикалық колледжінің базасында «Дамушы әлемдегі кәсіпкерлік және бизнес-білім беру» диалог алаңы өтті. 


Іс - шараның ұйымдастырушылары-«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ, Солтүстік Қазақстан облысының «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі және «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК болды.
🔹Іс-шара спикерлері:
1. Есжанова Асель Тлеубайева - Атамекен ҰКП жанындағы СҚО Іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің төрайымы;
2. Литвиненко Владимир Викторович – «Атамекен» ҰКК СҚО бойынша Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы;
3. Валеева Айнур Канатовна- Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері, техникалық және кәсіптік білім беру қауымдастығының үйлестірушісі;
4. Усольцева Ольга Ивановна – «Дастархан» ЖШС, «Ботақан» ҚБ директоры, Атамекен ҰКП жанындағы СҚО Іскер әйелдер Өңірлік кеңесі төрағасының орынбасары;
5. Джемалетдинова Юлия Александровна – «Мир праздника Божья Коровка» ЖК;
6. Курмангожина Ляззат Маликовна -Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы.
Сондай-ақ ТжКБ экономикалық пәндерінің барлық педагогтері мен колледж әдіскерлері онлайн түрде қосылды.
🔹Отырыста келесі мәселелер қаралды:
➢ СҚО техникалық және кәсіптік білім беру қауымдастығы мен іскер әйелдер кеңесінің бірлескен қызметі;
➢ жастар өсуінің драйвері ретінде бизнес пен колледждердің ынтымақтастығы;
➢ колледж студенттерінің оқу процесінде кәсіпкерлік белсенділігін дамыту.


Пікір жоқ
429 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 26.01.2022 в 16:50

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour