Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Салт-дәстүрді дәріптей білейік

    2022 жылдың 24 қаңтарында жыл сайын мектеп оқушылары, студенттер, ұстаздар бір шаңырақ астына жиналып, мемлекетіміздің салт-дәстүрі мен мәдени мұрасы мәселелерін талқылайды.


Салт-дәстүрді дәріптей білейік

2022 жылдың 24 қаңтарында «Серіктес» шекаралық жобасы аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен ынтымақтастықты нығайту мақсатында жыл сайын мектеп оқушылары, студенттер, ұстаздар бір шаңырақ астына жиналып, мемлекетіміздің салт-дәстүрі мен мәдени мұрасы мәселелерін талқылайды.
🔹Биыл «Қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлерінің заманауи ғылыми зерттеулері: мектеп ғылымы» IV халықаралық онлайн конференциясы ұйымдастырылды. Осы жолы кездесуде қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерінің жаңашылдылығымен таныстырып шықты.
🔹Шараға еліміздің жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, «Қазақстан халқы ассамблеясы» қызметкерлері, СҚО мектеп оқушыларымен қатар, Омбы облысының «Қараөзек ЖББМ» МББМ оқушылары қатысып, шара барысында өзара пікір алысып, ашық-жарқын әңгіме өткізудің сәті түсті.
🔹Шарада мектеп оқушылары да ізденістерімен көзге түсті. «Дарын» мектеп лицейнің 7, 8 сынып оқушылары «Жылқы – қазақтың меншігі» Балабаева Ксения, «Қызыл оба қорымы» Литвиненко Дарья, «Қызылжар өлкесінің Абылай хан тұсындағы батырлары» Бердібек Санжар 7 сынып «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты», «Оқушылардың ұлттық тәрбиесіндегі қазақ халық билерінің рөлі» Кеңесі Дархан, Жұмағұлова Дарина, 9 сынып, М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі, «Жусан халық мәдениетіндегі символы ретинде» Сулейменова Дильназ 11 сынып, Тайынша ауданы, Миронов орта мектебінің оқушылары қатысып, өз еңбектерін ұсынды.
🔹Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, ұлттық мәдениетті жаңғыртуға және ұрпақ тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптардың рөлін күшейтуге баса назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстар мен ынтымақтастық жалғасатын болады.


Пікір жоқ
529 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 25.01.2022 в 18:05

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour