2022 жылғы 17 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Назир Азаматович Жашибековпен кезекті диалог өтті.
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы: онлайн-кездесудің қорытындысы

2022 жылғы 17 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Назир Азаматович Жашибековпен пән мұғалімдері қауымдастығының мүшелерімен жоспарланған кездесулер шеңберінде білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен және техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларымен кезекті диалог өтті.

Кездесуге әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, аудандардың әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, қала және облыс мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Орыс тілі мұғалімдерінің қауымдастығының құрамында 800-ге жуық педагог қамтылған, олардың он шақтысы педагог-шебер, сондай-ақ шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мамандар бар.

Диалогке қатысқан тәжірибелі педагог-шеберлер мен зерттеушілер жаңартылған білім беруге қатысты: қолданыстағы оқу бағдарламалары мен оқулықтардың сапасы, дарынды оқушылармен жұмыс, оқу үдерісіне дебат технологиясының енгізілуі және т.б. туралы өз ойларымен бөлісті.

Н.А. Жашибеков Қауымдастық мүшелерінің өз пәндеріне «салғырт қарамай», бағдарламалық құжаттардың кемшіліктерін анықтау бойынша белсенді жұмыстарын, қызығушылықтарын, сондай-ақ белсенді өмірлік ұстанымдарын мақұлдады. Білім басқармасының басшысы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА өкілдеріне жеткізу үшін қауымдастық мүшелеріне өз ұсыныстарын жинақтауды ұсынды.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 17.01.2022 в 18:05