2021 жылдың 24 желтоқсанында "Биология" және "Химия" пәндері бойынша "Әдістемелік вертикаль" жобасы аясында аталған пәндер әдіскерлері мен облыстық "ШЕБЕРЛІК" қауымдастығының мүшелеріне әдістемелік күн өтті.

Жұмыс барысында "Биология" және "Химия" пәндерінің оқытылуына талдау жасалып, облыстың білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру бойынша басым міндеттер айқындалды.
Әдістемелік вертикаль қызметінің бағыты бойынша эксперименттік алаңдар белгіленді.

Сондай-ақ, білім беру сапасын арттырудың қажетті шарты ретінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында облыстың әрбір білім беру бөлімінде "Педагогикалық кеңістікті трансформациялау" әдіскерінің авторлық зертханасын ұйымдастыру бойынша жұмыстың бағыттары талқыланды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және дарынды балалармен жұмыс жасаудың өзекті мәселелеріне назар аударды.

Семинарға қатысушылар өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат алды.