Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Облыстың ресурстық орталықтары қауымдастығының облыстық онлайн семинары

    2021 жылдың 22 желтоқсанында облыстың ресурстық орталықтары қауымдастығының "Ресурстық орталық - шағын жинақталған мектептің білім беру ресурстарын үйлестіру механизмі" тақырыбында облыстық онлайн семинары өтті.


    Семинардың мақсаты: облыстың ресурстық орталықтары арасында тәжірибе алмасу - педагогикалық технологияларды тарату.

     Жұмыс тәжірибесін Уәлиханов ауданы Кішкенекөл №2 орта мектебі жанындағы ресурстық орталық ұсынды.

    Семинарға білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың ресурстық орталықтары мен магниттік мектептерінің педагогтары қатысты. Семинар барысында директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ пән мұғалімдері сөз сөйледі. Оқу сессияларын ұйымдастыру мәселелері; тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері; физика және химия сабағында практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау, сессияаралық жұмыстарды жүргізу кезінде "Google Glassroom" пайдалану туралы айтылды.

    Семинар соңында семинарға қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, осындай семинарлардың пайдалы екендігін атап өтті.


Пікір жоқ
591 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 23.12.2021 в 12:47

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour