5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы 2021 жылғы 7–9 желтоқсан аралығында Нұр–Сұлтан қаласында өтті.
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауы

Конкурс 4 бағыт бойынша өтті:

1 бағыт – «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт – «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем»;

3 бағыт – «Үздік экологиялық бастама»;

4 бағыт – «Таза қала сізден басталады».

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:

2 орын – Натке Карина, Қызылжар ауданының «Якорь орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы;

2 орын – Шабден Малика, «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ 7 сынып оқушысы;

3 орын – Воробьева Софья, «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп - лицей – интернаты» КММ 7 сынып оқушысы;

3 орын – Аристова Анна, «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп - лицей – интернаты» КММ 7 сынып оқушысы.

Біздің жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!