Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні методологиясының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-практикум

2019 жылғы 3 желтоқсанда «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен (Нұр-сұлтан қ.) бірлесіп «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні әдіснамасының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға Петропавл қ., Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан 30 мұғалім және колледж оқытушылары қатысты.

2222

Аталған семинардың мақсаты ағымдағы 2019-2020 оқу жылында оқытыла бастаған осы пән мұғалімдерінің «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсын оқыту мәселелерін талқылау болды. Осы семинар шеңберінде білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Виноградов Д. И. 2019-2020 оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқыту туралы ақпарат берді.

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы И. М. Региль және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының әдіскері А. С. Успаева келесі тақырыптар бойынша мастер-класс өткізді: «Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері – геймификациялар» және «Ситуациялық талдау әдісі негізінде оқыту техникасы және кейстерді жіктеу» atameken.co

Қызылжар ауданы Бескөл орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Бабышев В. П., ҚР БҒМ пилоттық жобасы аясында осы пәнді 2018 жылдан бастап апробациялайтын, әріптестерімен өзінің әдістемелік жұмыстарымен бөлісті, сондай-ақ қатысушыларды «Білім берудегі инновацияларды іске асыру: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» Халықаралық форумы шеңберінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні әдіснамасының өзекті мәселелерін талқылау қорытындылары туралы хабардар етті (2019 ж. 1 қараша, Нұр-Сұлтан қ.).

2019 жылғы 4 желтоқсанда «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері Петропавл қаласының № 23 орта мектебіне (мұғалім - Ушакова О. А.) және Петропавл қаласының Бірінші гимназиясына (мұғалім - Нагочевский Е. И.) барып қайтты. Белсенді диалог барысында мектеп оқушылары осы пәнді зерделеуге, бизнесті ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын одан әрі меңгеруге қызығушылық танытты.

23223к423

3223к

Пікір жоқ
826 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 04.12.2019 в 19:40

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер

Choose Colour