Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ПЕДАГОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК СЕМИНАР

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ПЕДАГОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК СЕМИНАР

 

2019 жылғы 20 қараша күні ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО РММ жоспарына сәйкес Қызылжар ауданының «Мирас» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігін ұйымдастыру» өңірлік семинары өткізілді.


2019 жылғы 20 қараша күні ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО РММ жоспарына сәйкес Қызылжар ауданының «Мирас» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігін ұйымдастыру» өңірлік семинары өткізілді.

1

Семинар қатысушылары : Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сұрақтары бойынша жұмыс жасайтын, облыстық білім басқармаларының мамандары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері; Солтүстік Қазақстан облысы мен РФ Қорған облысының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары – барлығы 120 педагогтан астам.

Семинар мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігін ұйымдастыру мәселелері бойынша СҚО мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс тәжірибесімен алмасу және тарату.

Стандарттан тыс, өзгеше түрде ұйымдастырылған семинар – білім беру квесті түрінде өткізілді. «Квест» түсінігі (англ. quest - іздену) сюжетті алға жылжыту үшін ойыншыларға түрлі тапсырмаларды шешуді қажет ететін ойынды білдіреді.

3

Тәжірибе-бағытталған семинардың интерактивті-ойын түрі бір-бірімен қатынас жасау арқылы әр педагогтың өз қабілетін корсете алуына, жаңа білімге, дағдыға, біліктілікке  ие болуға мүмкіндік берді. 

Қатысушылар келесі сюжет линиясының оқиғаларына тап болды: командалар картада көрсетілген бағыт бойынша бірге қозғалды және педагогтардың масстер-класстарында ұсынылған әр станциядағы тапсырмаларды орындады. Квест міндеті- МДҰ вариативті компонентін тиімді ұйымдастырылған критериилерін табу және әзірлеу.

Әр станцияны 10 балабақшаның біреуі таныстырып отырды. Олар вариативті компонент бағытына байланысты команда қатысушыларын қызметке енгізді.

2

«Ивушка» б/б: «Таным» саласы вариатив «Майнд-фитнес», эмоционалды және интеллектуалды дамыту бағыты

«Ақ көгершін» б/б «Денсаулық» саласы вариатив "VAY TOY: ойнаймын, қозғаламын, үйренемін», логикалық ойлау қабілетін дамыту бағыты

«Еркем-ай» б/б «Қатынас» саласы вариатив «Көңілді тіл», түзету-датыму бағыты

«Малыш» б/б «Қатынас» саласы вариатив "Happy English», қатынас саласы

«Солнышко» б/б «Қоғам» саласы вариатив "Асыл қазына" этнопедагогикалық бағыты

«Ақ бота» б/б «Таным» саласы вариатив "Жас зерттеуші", сараптамалық-зерттеу қызметі бағыты

 «Мирас» б/б «Денсаулық» саласы жүзу және аквааэробика бойынша вариатив «Дельфиненок», денсаулық сақтау технологиясы бағыты

 «Мирас» б/б «Таным» саласы легоқұрастыру және робототехника бойынша вариатив «Роботтардың керемет әлімі», интеллектуалды-шығармашылық қызмет бағыты

 «Арман» б/б «Таным» саласы вариатив «Жас өлкетанушылар», интеллектуалды-шығармашылық қызмет бағыты

 «Айгөлек» б/б «Таным» саласы вариатив «Ақылды бала» интеллектуалды дамыту бағыты

2

Іс-шара барысында педагогтар өздерінің тек вариативті компонентті жүзеге асырудың түрлі варианттарын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар нақты жағдайларды қозғап, сұрыптады.   

Семинар өте мазмұнды болды, мұнда педагогтар өз жұмыс тәжірибесімен диалог түрінде бөлісті, сонымен қатар бұл семинардың құндылығы әр қатысушының белсенді түрде өз ойын ашық айтуы болды.

 

 1

2

Семинар қорытынды жасаумен және «Радуга» рефлексиясымен аяқталды. Мұнда әр қатысушы күн шуақтарында өздерінің жылы лебіздерін қалдырды.

 


Пікір жоқ
953 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 25.11.2019 в 16:44

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour