Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» семинар-тренингіне қатысуы

Үстіміздегі жылдың 21-22 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» семинар-тренингі өтті. Екікүндік іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысынан 22 оқушы қатысты.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол»  семинар-тренингіне қатысуы

 

Үстіміздегі жылдың 21-22 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» семинар-тренингі өтті. Екікүндік іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысынан 22 оқушы қатысты.

 

Елбасы кітапханасының семинар-тренингтері Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын зерттеуге, Елбасы мақаласын түсіндіру, соңғы Жолдауы мен бекітілген 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды, қазақ әліпбиінің жаңа үлгісін талқылауға  бағытталған.

Осы тұста ұйымдастырушылар көбінде үндеулердің жас буынға жолданатынына тыңдаушылардың назарын аудартады. Себебі, әлемді өзгерту, жаңа Қазақстанды қалыптастыру – солардың қолында. Біздің ілгері дамуымыз олардың жауапкершілік деңгейімен, азаматтық ұстанымдары мен өмірлік белсенделіктерімен тығыз байланысты.

Қазақстан жетістіктерін арттыра түсіп, оны озық мемлекеттер қатарына кіргізу үшін жастар сананы жаңғырту мен рухани баюдың, бәсекелестікке қабілетті болудың маңыздылығын ұғынуы қажет. Ал оларға сол ойды жеткізу  семинар-тренингтің ұйымдастырушылардың басты мақсаты болды.

Дәрістерге қатысқан Новоишим орта мектебінің 11 сынып оқушысы Иван Федоров семинар-тренингінің естелігінен:

– Шыны керек, семинар-тренингтер басталмастан бұрын қобалжып, шамалы уайымдаған болатынбыз. Себебі, Президенттік кітапханада білім алу кез келгенге бұйыра бермейтін, зор жауапкершілікті талап ететін дүние. Алайда, іс-шара бастала салысымен уайымымыз сейіліп, дәріскерлеріміз бен бапкерлерімізге тәнті болдық. Олармен жұмыс істеп, жаттығу орындаудан ләззат алдық. Себебі, жоба әзірлей білу, көпшілік алдында сөйлеуге қабілетті болу – мақсатқа жетелейтін маңызды қасиеттер.

Оқу курсын тәмамдаған қатысушылардың әрбіреуіне Семинар-тренингтен естелік ретінде оларға кітаптар тарту етіліп, сертификаттар табысталды.

Тегтер:  цмрито

Пікір жоқ
1094 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 23.02.2018 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour