Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Мектеп мұражайы не әңгімелейді» Виртуалды мектеп мұражайлары облыстық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Мектеп мұражайы не әңгімелейді» Виртуалды мектеп мұражайлары

облыстық байқауын өткізу туралы ақпарат

 


«Мектеп мұражайы не әңгімелейді» Виртуалды мектеп мұражайлары

облыстық байқауын өткізу туралы ақпарат

 

Солтүстік Қазақстан облысын әкімдігінің «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ виртуалды мектеп мұражайларын сабақ өткізу уақытында және сыныптан тыс жұмыс барысында қолдану және құру бойынша Солтүстік Қазақстан облысы педагогтарының тәжірибелерін тарату және жалпылау, зерттеу мақсатында,  «Мектеп мұражайы не әңгімелейді» атты виртуалды мектеп мұражайларының облыстық байқауын ұйымдастырды.

Байқау аясында келесі номинациялар анықталды:

  • Виртуалды мектеп мұражайын қолдану арқылы жасалған сабақтың әдістемелік әзірлемелері;
  • Виртуалды мектеп мұражайын қолдану арқылы сыныптан тыс іс-шаралар өткізу сценарийлері;
  • Сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыс уақытында мұражай педагогикасында инновациялық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар

Берілген шараларға тек 4 аудан (Қызылжар, Мамлютка, Жамбыл, Есіл) қатысқандықтан, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің байқау барысында белсенді қатыспағандарын атап кетуді жөн көрдік.

         Байқау материалдарын қарастыру қорытындысы бойынша, келесі қорытынды жасалды:

«Виртуалды мектеп мұражайын қолдану арқылы жасалған сабақтың әдістемелік әзірлемесі» номинациясы бойынша

2 орын – Қойшыбаева Бибігүл Нұғұрбекқызы, Қызылжар ауданы, №2 Бескөл ОМ

3 орын – Конищева Надежда Адександровна, Қызылжар ауданы, Белов ОМ.

 

«Виртуалды мектеп мұражайын қолдану арқылы сыныптан тыс іс-шара өткізу сценариі» номинациясы бойынша

         2 орын – Сибанов Темірлан Ғалымұлы, Мамлютка ауданы, Краснознамен ОМ

         3 орын – Сақтағанов А.С., Есіл ауданы, Петровка ОМ

         3 орын - Сансызбаева Дана, Ерғали Сабина, Құдайберген Өмірбек, жетекші Ілиясова И.И, Жамбыл ауданы, Преснов ОМ.

Білім бөлімдерінің және берілген жұмыс бағыты бойынша жетекшілік ететін әдіскерлердің облыстық байқауларға белсенді қатысуға, байқау ережелерін зерттеп, жергілікті жерде іріктеу турларын мұқият өткізуге ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймыз. 

 

 

аға әдіскер З.Б.Тұрлыбаева

 


Пікір жоқ
1432 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 22.02.2018 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour