Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Туған жер» бағдарламасы

«Туған жер» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының 15 оқушылар тобы Түркістан қ. мен Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті мәдени-тарихи жерлеріне саяхат жасаған.


   
«Туған жер» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының 15 оқушылар тобы Түркістан қ. мен Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті мәдени-тарихи жерлеріне саяхат жасаған. Біздің сапарымыз әлемге әйгілі ортағасырлық Отырар қаласының маңындағы археологиялық қазындыларға барып көруінен басталды. Қазақстан тарихының мектеп курсынан балалар Отырар қаласының Ұлы Жібек Жолы үстіндегі ірі сауда орталығы екенін біледі. Бірақ «Жүз рет естігеннен бір рет көргені артық» мақал бар. Балалар терең шұңқырмен қоршалған, қалпына келтірілген Қаланың басты қақпалары мен биік қала қабырғаларын өз көзімен көрді. Гидтің әңгімесінен оқушылар қаладағы бірегей су құбыры жүйесі туралы білді. Бірегей жылыту жүйесімен ерекшеленетін шығыс моншасы мен қалалық құдықтарының біреуі орналасқан жерге бардық. Оқушылар арасында Отырар кітапханасының жұқанасы ерекше қызығушылық тудырды. Зерттеушілік қызығушылығы оянған оқушылар ежелгі және ортағасырлық жазбалардың жоғалып кеткен ескерткіштерін іздестіруге дайын болған.





Ежелгі Отырар қаласынан кейін біздің топ Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы, тәлімгері Арыстан-бабаның жерленген орнында Күмбезі орналасқан Қоғам с. келдік көшті. Кесененің жанында емдік қасиеттерге ие өте тұзды су бар «Гайып Берген» (тереңдігі 40 метр) ұңғыма орналасқан. Ежелгі аңызы бойынша осы емдік қасиеті бар суды жүрегі таза адамдар ғана ала алады. Біздің оқушыларымыз да емдік қасиеті бар суды ішіп көрді. Біз жиналып кете бастағанда жергілікті тұрғындар бізден кім екенімізді және қайда екенін сұрады. Солтүстік Қазақстан облысынан келгенімізді біліп, олар барлық қазақстандықтарға ортақ рухани-мәдени мұраға қызығушылықтарымыз үшін мақтады. Сол күні кешке біз атақты ортағасырлық Сауран бекініс қаласының маңайындағы археологиялық қазба жұмыстарына бардық. Балаларға ортағасырлық керамика фрагменттерін табуға сәті түсті. Жолңұсқаның әңгімесінен оқушылар Саурандағы бірегей су құбыры жүйесі туралы білді, соның арқасында қуатты бекініс бірнеше ай бойы жауларының қоршап алуларына төтеп беруге мүмкін болды. Сондай-ақ, біз қалалық мешіттің қираған орнына барды. Жапония туристерінің айтуынша, таңғажайып аурасы бар бірегей рухани ғимараттың ішінде Гейгер санағыштары радиацияның толық болмауын тіркейді.













Оңтүстік Қазақстан облысындағы екінші күніміз Түркістан қаласының ескерткіштерін зерттеуге арналды. Біріншіден, біз қаланың басты сәулет ескерткіші ортағасырлық сәулет өнерінің қайталанбас үлгісі және сарайлар мен ғибадатханалардың таңғайжайып кешені болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бардық. Кесене ішінде оқушылар танымал Тай Қазан көрді, хан тағы бар, белгілі қазақ хандары мен саұлтандары жерленген үлкен, кіші ақсарай залдарының бөлмелерін аралады. Содан кейін оқушылар гидпен бірге Қожа Ахмет Яссауи өмірдің соңғы жылдарын өткізген «Хилует» жер асты мешіті мен «Шығыс моншалары» мұражайына барды. Түркістан айналасындағы саяхатымыздың соңында оқушылар Тарихи-этнографиялық орталыққа экскурсия жасады, оның ішіндегі экспонаттары ежелгі дәуірден бастап қаланың бүгінгі күнгі тархины баяндап береді.









Түркістан қаласына сапар шегу нәтижесінде барлық оқушылар «Тағылымы мол тарих іздері» атты тарихи-танымдық экскурсиясына қатысқаны үшін естелік сертификаттарға ие болды. Қонақжай Түркістан қаласынан кеткен кезде балалар мәдени-ағартушылық ауысым өздеріне ұнайтындығын айтып, ата-бабаларымыз - Ұлы дала көшпенділерінің рухани-мәдени мұраларын терең тануға мүмкіндік беретін «Ту-жер» бағдарламасына өз ризашылықтарын білдірді.

Денис Виноградов, СҚО әкімдігінің «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскері



Пікір жоқ
1384 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 14.08.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour