Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Дарынды балалармен жұмыс барысындағы «Проблемалар, ізденіс және шешу жолдары»

2017 жылғы 14 сәуір күні Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы «Дарынды балалармен жұмыс барысындағы «Проблемалар, ізденіс және шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.


    2017 жылғы 14 сәуір күні Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы «Дарынды балалармен жұмыс барысындағы «Проблемалар, ізденіс және шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, дарынды балалармен жұмыс істейтін әдіскерлер, дарынды балаларға мамандандырылған білім мекемелерінің ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша директордың орынбасарлары және  олимпиада, конкурстарға оқушылар дайындайтын мұғалімдер қатысты.Алғашқы сөз БСӘЖжАТО аға әдіскері Ғ.Қ. Тәшібаева  бірінші жартыжылдықта Республикалық олимпиада, конкурстардың қорындысын жасап жетістіктерімен, олқылықтарына тоқталды.

     Келесі Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернатынан А.Ж. Есқалиева және Қазақ мектеп гимназиясынан А.Е Есенғалиева ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша директордың орынбасарлары оқу орындарында дарынды балалармен атқарылып жатқан жұмыс жоспарларына тоқталды.

   
     Мамлют ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеттінің меңгерушісі О.В. Ашихина, Тайынша ауданының №3 орта мектебінің химия биология пәнінің мұғалімі З.Д. Такишева, Есіл ауданы Корнеевка гимназиясының шетел тілі мұғалімі Л.Б. Мұхамадиева дарынды балалармен жұмыс барысындағы кездесетін проблемалар мен қатар өздерінің тәжрибесімен бөлісті.

   
     Петропавл қаласының №7 орта мектебінің әлеуметтік ұстазы  Т.В Салимжанова «Зерде» Республикалық конкурсының ұсыныстарын айтып, өз кеңестерін ұсынды.

Дөнгелек үстел соңында қатысушылар өз ойларын, тілектерімен, ұсыныстарымен бөлісті. 







Скачать программу: 


Пікір жоқ
1510 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 18.04.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour