Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Отаныма деген менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар облыстық кезеңі байқауының қорытындысы

Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтау және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

Өткізу орны: Петропавл қаласы Солтүстік-Қазақстан облысы.


28 ақпан 2017 ж.


Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтау және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

Өткізу орны: Петропавл қаласы Солтүстік-Қазақстан облысы.

Байқауға қатысушылардың жас мөлшері: 11-17 жас (18 жасқа дейін).

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:



  1. «Өз жылуыңмен бөліс».

Байқауға келесі бағыттар бойынша әлеуметтік жобалар ұсыналады:

қарттарды, әлеуметтік осал топтардағы балаларға және басқаларға қолдау және көмек көрсету;

кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы мінез-құлық әрекеттерінің алдын алу;

халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобынан шыққан балаларды бейімдеу;

балаларды табиғи апаттар салдарын жеңуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға дайындау.



  1. «Туған қалаға – игілікті істер».

Ұсынылған шығармашылық жобалар жаңа еріктілердің топтарын құру және дамытуға, әлеуметтік маңызы бар іс-әрекеттерді, оның ішінде бос уақытты тиімді ұйымдастыру бойынша балаларды белсенді қызметке тартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталуы тиіс.




  1. «Мен - Қазақстанның азаматымын».

Ұсынылған шығармашылық жобалар:

барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтау жағдайында қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани және мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне азаматтарды араластыру;

қазақ тілі мен үш тілдің тұтастығын дамыту;

отбасының адамгершілік негізін, оның тәрбиелік рөлін нығайту, Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени дәстүрлеріне, тілі мен құндылықтарына толеранттылықпен және құрметпен қарауды балалардың және жастардың бойына сіңіруге бағытталуы тиіс.



  1. «Медиа жобалар».

Ұсынылған шығармашылық жобалар балалар және жастар арасындағы ақпараттық кеңістікті дамыту, әлеуметтік бағдарланған сайттарды, онлайн ресурстарды, білім беру және кәсіби бағдарды жобалау және т.б. ақпарат және білім беру ортасын дамытуға бағытталған болуы тиіс.



Скачать:  


Пікір жоқ
3915 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 01.03.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour