Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық ғылыми жоба сайысының қорытындысы.

 Талантты және дарынды балаларды анықтау және қолдау, ғылыми-зерттеу, оқу-танымдық ынтасын арттыру мақсатында 2017 жылғы 14-17 ақпан аралығында Алматы қаласы Алатау шипажайы базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша: «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-мәденидамуы "Қазақстан-2030"


   Талантты және дарынды балаларды анықтау және қолдау, ғылыми-зерттеу, оқу-танымдық ынтасын арттыру мақсатында 2017 жылғы 14-17 ақпан аралығында Алматы қаласы Алатау шипажайы базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша:

«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуы "Қазақстан-2030" тақырыбында 4- бағыт бойынша оқушылардың Республикалық ғылыми жарысы өткізілді: экономикалық өсудің негізі - ғылыми-техникалық прогресс; экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу;

"Қазақстан-2030"стратегиясын іске асырудың негізі - дені сау табиғи орта; Қазақстанның тарихи ескерткіштері және әлеуеті зор туристік маршруттар.

Әр жоба мына ұстанымдар бойынша бағаланды:

   - шығармашылық қабілеттілігі;

   -  ғылыми ойлауы;

-   қолданған зерттеу әдістерінің тиімділігі;

 -   шешендік шеберлігі, ұсынылатын материалдың сапасы,айқындылығы;

   -  команда мүшелерінің үйлесімділік деңгейі.

   Біздің өңірден 39 оқушы қатысты (20 оқушы (51%) областық мамандырылған мектептен, 2 оқушы (5 %) - ауылдық мектептерден, 17(44%) қалалық(34 жоба, оның ішінде 28 жеке және 6 командалық) 13 жалпы білім беретін облыс мектептерінен.

Сайыс қортындысы бойынша біздің команда 13 жүлделі орын және 4 грамотаға ие болды.Жеңімпаздар диплом және медальдармен марапапатталды.




Білімсаласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының аға әдіскері  Ташибаева Ғалия Қоспанқызы.

 


Пікір жоқ
1475 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 20.02.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour