2025 жылғы 28 қазанда М. Қозыбаев атындағы СҚУ-де Ашық есік күні өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы меморандум аясында, сондай-ақ «Кәсіпке қадам» жобасы шеңберінде Г. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим №2 орта мектебі базасында Педагогикалық сынып өз жұмысын бастады. Алғашқы қатысушылар – педагог болуға қадам басқан 13 оныншы сынып оқушысы.
Облыс бойынша 100-ге жуық 10–11 сынып оқушылары, оның ішінде педагогикалық сыныптың тәрбиеленушілері университетке келіп, ұстаздармен танысып, студенттік өмірдің алғашқы әсерін сезінді.
Алда оларды қызықты кездесулер мен тың жаңалықтар күтуде!
Пікір жоқ
12 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 29.10.2025 в 12:56


